RSS Feed

Салмақ қосам деушілерге бір кеңес)))

Біреуге арық болу арман (мысалы өзім), ал біреуге нағыз трагедия. Өз басым еш уақыт тым арық болған  емеспін. Жасөспірім бала кезімде қашанда да өз нормама сай не болмаса шамалы артық кетіп қалатынмын, сол себеп шынымен өте арық болу деген не, қалай сезінеді екен ондай адам, себебі не екенін ашып айта алмаймын. Алайда, арықтықтың жақсы жақтарымен қатар, негатив жағы бар екені рас.  Кей қыздардың табиғатынан өте арық болатыны бар. Тұқым қуалап, АЛЛА берген тәннен не артық деп, сол қалпыңа мәз болуға болады әрине, тек арықтық аурудың салдары болмаса.

Ең алдымен, салмағы аз адамның қан қысымы төмен, гемоглабин мөлшері де аз болады. Темір жетіспей, анемияға шалдығып, өте нәзік болатыны да шындық. Сол себеп, ең бастысы, арықтық неден болғанын анықтау. Мысалы, менің толықтығым қалқан безімнің дұрыс жұмыс атқармауы, өзім сияқты (әлде мен ол сияқты) еріншек болған соң, ағзаға түскен тағамды жөнді қорыта алмай, май жинауға септігін тигізеді. Ал тым арық болудың бір себебі сол қалқан безінің артығымен қызмет атқаруы, яғни, бөліп шығаратын гармондар мөлшері тым көп, метаболизм тым жылдам, содан адам салмақ қоса алмайды. Бір дәрігерлер осындайға шалдыққан қыздар орта жасқа келгенде біраз салмақ қосып, нормаға сай бола бастайды дейді. Бұл енді жағымды жаңалық.

Екіншіден, психологиялық факторды да ұмытпаған жөн. Стресс (тіпті екі жылдың ар жағында болған болса да) ағзаға зияны тигізеді. Сол себеп ағза дұрыс қызмет атқара алмай, салмақтың азаюын алып келеді. Мұның емі біреу: өзіңді стресстен сақтау. Тым күйзеліске түспей, мейілінше жүйкеңді сақтау. (Әрине, мына стрессфул заманда “спокойный как удав” болу қиынның қиыны). Жүйкені тыныштандыратын, жанға жайлылық сезімін сыйлайтын пустырник сияқты шөптерді қайнатып, тұнбасын жасап ішуге болады. 

Үшіншіден, салмақ аздықты ойлай беріп, жалмап тамақ жегеннен түк шықпайды. Тағамның сапасына да көңіл бөлген жөн. Әрине, фаст фудтың каллориясы көп болғанымен, тым зиянды. Толыққанды таңғы, түскі, кешкі ас ішіп, мейілінше “сбалансированное питание” болу керек. Майлар, көмірсулар, ақуыздың пайыздық мөлшерін өлшеп, ішетін асты қадағалау керек.

Төртінші – спорт! Адамның салмағы тек майдан ғана тұрмайды ғой. Бұлшықеттің де біраз үлесі бар. Бұлшықетті өсіру арқылы біраз салмақ жинауға болатынын көптеген спортсмендер айтып жатады. Пайдалы салмақ деп осыны айт). Бұл жағынан жақсы инструктор керек сияқты, өйткені өзім әлі бұлшықет жинаумен айналыспадым. НО! Велотренажер аяқ бұлшықеттерін керемет өсіреді(((.

Тағамдардан келесі рецепттер көмекке келеді дейді кейбір форумдардағы адамдар:

Жаңғақ, мейіз, кишмиш және бааааал, бәрін араластырып, күніне үш рет 100 грнан жеу керек екен. Тәтті де пайдалы бұл тағам салмақ қосуға себепші.

Арахис! Өзіме бұл жаңғақ мүлдем қолдануға болмайды. Адамды семіртетін бірде бір ем деп дәрігерлер маған тиым салған болатын. Сол себеп, салмақ қосам деушілер осы жаңғақты күнделікті рационының бір бөлшегі қылсын))

Қазірше осы))) Келесі жолы диетологқа көрінгенде, осы жайлы да сұрап білермін)))

Әдемі болыңыздар!

Сәлеммен,

Мен! 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. мыналарын керемет екен, рахмет. Аллах разы болсын

    Жауап беру
  2. Тааак, пустырник қайнатып ішейін…жақсы болды….әйтпесе новопасситтен уже жүйкем жұқарып жүр еді….рахмет жақсы болды

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: