Мәңгі визаж немесе татуаж жайлы не білеміз?

Бет әлпетке көрік беретін – қас-кірпік екенімен келіспейтін адам жоқ шығар. Қассыз не кірпіксіз адамның түрі Гарри Поттердегі басты жауыз  – Волен Де Морттың түріне ұқсап кетеді. Ешкім де Волон де Морт  болғысы келмейтін шығар, әсіресе қыздар)))

Заманның ілгері басуының арқасында косметологияның да жетістіктері мен мүмкіндіктер көкжиегі біраз кеңейіп қалғаны рас.  Табиғат сізге қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тарпады деп уайымдамасаңыз да болады, өйткені татуаж бар. Кез-келген форма, кез – келген ұзындық, қалыңдық, тіпті жасыл қас жасаймын десеңіз де – еркіңіз өзіңізде.  Тап осы әдіспен қабаққа «стрелочки» жасап, еріннің де түрін өзгертуге болады. Ерін контурын қалаған түспен бояп, өзіңізге мәңгі (кемінде 5 жыл) визаж жасап алуға болады. Бұл татуаждың тек бір жақсы жағы ғана.

Минустарының тізімі бұған қарағанда біршама ұзын. Әлі де татуаж жасау ниетіңіз болса, алдымен төмендегі сөйлемдерге көз қырын салсаңыз, өтініш:

  • көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
  • түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
  • уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
  • біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
  • Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
  • Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
  • Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

4 responses »

  1. ММ, қорқынышты екен. Денем түршігіп кетті ғой. Негізі менің миымда әжемнің айтқаны қатты сіңіп қалған. «Қасты жұлуға болмайды, өткені ана дүниеде сенің жаман қылығыңды көрмедім деп ақтап алатын жалғыз солар», – деп үйреткен еді. Содан жасым біразға келсе де, қас жұлған емеспін. Бірақ қасым әдемі емес, құрбыларым «жабайы қастан құтылатын кез жетті» деп,- келемеждейді кейде.

    Жауап беру
  2. Қытайдың арқасы бұл да,жасыратыны жоқ.Ол жақта бетті әрлеу косметологиялық тұрғыда бізден қарағанда өте жақсы дамыған. Бұл қызмет түрі біздің қалада бастапқыда қымбат еді, қазір салондарда үйреніп келушілер саны көбейгендіктен болар, бағасы да арзандады.

    Жауап беру
  3. salem! sizdin materiyalynyzdy Kazakkyzy jurnalyna wygaraiyn dep edim. bola ma? bet kutiminen kyskawa biraz malimetter aldym da, astyna «https://kyzdaralemi.wordpress.com/» alyngany joninde silteme jazyp koidym

    Жауап беру

Пікір қалдыру