RSS Feed

Күз де келіп, көп өзгерістерді ала келді. Тап осы мезгілде косметологқа көрініп, бет терісімен түбегейлы айналысуға болатынын еске сала кетейін. Бетті тазалау (механикалық болсын, автоматты түрде), маскалар жағу, мезотерапия мен бетті ағарту, операциясыз лифтинг жасау сияқты шаралардың уақыты келіп қалды.

Көп арулар, белгілі себептермен, косметологқа бара бермейді. Мұндайда, үйде күтім жасағаннның пайдасы мол екенін айта кету керек. Әсіресе, табиғи таза өнімдер қолданған жөн.

Бүгін үйде жасауға болатын бір екі маска мен скраб жайлы және бал туралы әңгімелескім келеді)))

Маскалардың жақсы жағы, жақтың, 20 мин жаттың, тұрдың, жудың – бетін әп әдемі))) Алайда, аптасына үш рет маска жасап, теріні ылғалдандырып, керекті дәрумендермен “тамақтандырып” тұрудың өзі кейде “мүмкін емес!” жағдайлар қатарына қосылып кетеді. Уақыттың тапшылығы +  кәдімгі, қарапайым “еріншектік” бет теріміздің “шаршап”, шалдығып қалуына әкеліп соғады. Сол себеп, еріншектікті қысқа ысырып, төмендегі ұнаған масканы қолдануға шақырамын:

1. Бал мен алмадан жасалған дәмді маска))) : бір алманы (теріңіз майлы болса қышқыл дәмді, құрғақ болса тәтті алма) сүтте бұқтырып (бір кесе сүттен де аз), жұмсарған кезде езіп, пюре жасаймыз, жылы болғанда ғана 1 ас қасық бал (балды ыстыққа сал, пайдалылығы төмендейтіні естеріңізде болар) салып, бет пен мойынға жағып 20 мин ұстау керек. Кейін алдымен жылы сумен, сосын салқын сумен бетті шаю – міндет))). 1 ай көлемінде апатсына екі рет жасасаңыз, бетіңіз сізге көп алғыс білдіретініне күмәнім жоқ)))

2. Лимонның шырын мен бал араласқан масканың да бет терісін керемет әдемі қылатынын бәріміз жақсы білеміз ғой, енді соны қолдануды да ұмытпасақ

3. Кәдімгі ірімшік (творог) + бал + сүт (немесе айран) +20 минутт бетке жағылса тең болады әдемі, ылғалдандырылған, жұмсақ бет терісі)))

Енді скрабтар жайлы. Өзім баяғы тұз бен айран, геркулес пен кофе үгіндісі секілді қарапайым түрлерімен қолданып жүрмін, оларды енді аптасына екі рет қолданатын кез келді. Жаздан соң “загар” алған тері тез түсіп, жаңара бастайды, шамалы көмек беріп тұрсақ, артық болмайтын секілді. АЛАЙДА!!!! бетте безеулер болса, скрабты ұмыта тұру керек.

Әдемі болыңыздар,

Арулар!!!

Сәлеммен,

Мен! 

 

З.Ы. Жоғарыдағы маскаларды тамаққа да қолдануға болады))))) 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: