RSS Feed

Тойға дайындық немесе ең бақытты күнде қалай ең әдемі болуға болады?

Ер адам болғанның бір жақсы жері – тойға шашыңды бір тарап, сақалыңда алып, жаңа костюм мен жылтыр аяқ киімді киіп алып “супермега” күйеу жігіт бола қаласың. Ал қыз болсаң, онда тойға кемінде 3 ай бұрын дайындалған жақсы, әрине сол күні “супермега” қалыңдық болам десең)))

Сонымен, аяқ қолыңды дірілдетіп, жүрегің аузыңа келіп тірелетін күн, яғни құда түсу күні өтті,  құлағыңа алтыннан әдемі сырға тағылды, енді сүйікті де сүйкімді жігітіңнің заң жүзінде сүйікті және сүйкімді күйеу атанатын күн де белгіленіп, тағатсыздана күте бастайсың. Күтіп, арманға беріліп, ойша бәрін жоспарлаған әрине керемет, бірақ, бәрі шынымен де армандағаныңдай болсын десең, шамалы еңбектену керек екенін есте сақтау керек.

НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?

Неден бастау керек екенін әркім өзі шешеді. Біреу көйлегін әзірлеп әлек, біреу фитнесс залда күнімен түнімен терлеп, тепшіп, артық салмақ айдайды, енді біреу солярийге барып, ақ қыздан қара қызға айналып жатады. Кімде қандай проблема бар, соны шешуге кірісетін уақыт. Тойға үш ай қалғанда арықтауға, жаңа бір шаш үлгісін жасап көруге, жасанды тырнақ жасап көруге болады. Ұнамаса, алдыңда біршама уақыт бар, бәрін де қаз қалпына келтіретін мүмкіндік шектеусіз.

ЕКІ АЙДАН КЕЙІН ТОЙ!

Екі ай да аз уақыт емес. Бұл кезде той көйлегін таңдап, егер арықтайтын болсаң, онда корсеті бар көйлекке назар аударып, ең бақытты күнге қызу дайындыққа көшу керек.  Той күні еш бір бөтен зат: қалыңдықтың букеті, макияжы мен шаш сәні, көйлегі мен залдың безендірілуі, қонақтар тізімі мен олармен байланысты мәселелер мазаламасын десең, осы екі айда біраз терлеу керек.

Қандай гүл шоғын ұстағың келеді? Қандай түстер мен стильде зал безендірілуі керек? Қонақтар қалай отырады, ас мәзірінде не болу керек және маңызды бір деталь: шақыру қағаздары жайлы ұмытпау керек. Мұның бәрі маңызды, сол себеп кейде қалыңдықтың өзінің қатысуын талап етеді. (Ер жігіттерге қызыл мен алқызыл арасында айырмашылық жоқ, сол себеп, оларға үміт артуға болмайды))).

ӘДЕМІЛІККЕ ҚАДАМ ЖАСАУ)

Екі ай бұрын сұлулық салоны мен мастер таңдап алған жөн. Өйткені, сіздің шашыңызды әдемілейтін, бетіңізді бояйтын, денеңізді сәндейтін адамдар өте маңызды. Қымбат салон – жақсы салон деген ойдан аулақ болған жөн. Кейде қарапайым ғана шаштараздың өзі кереметтей мастер болуы мүмкін. Туған туыс, таныс достарыңыздан ақпарат алып, осы болады ау деген салонға жолығып, алғашқы шаш сәнін, макияж мен маникюр, депиляция жасап көруге болады.

ТОЙҒА БІР АЙ ҚАЛДЫ!

Той күні (ұзату күні) жақындап қалғанын жүйкелері тозып кеткен жақындарыңнан байқасаң болады. Анаң жүреді әр нәрсеге алаң боп, әкең жүреді қабағы ашылмай, ал сүйіктіңмен қарым-қатынас не супермегакеремет не болмаса (көп жағдайда) ушығып кетеді. Бәрі де шаршап, болдырап жүреді.  Осы кезде тойда болатын шашыңды, киімің мен макияжың жайлы мәселелрді шешіп, салон таңдалып (осы жерде бір кеңес: қосымша бір мастерді таңдап қойған жөн. форс мажор болған жағдайда,АЛЛА сақтасын, шешім дайын тұру керек), тек сыртқы дайындық керек.

ОЛ: бетті тазалау, депиляция, педикюр, массаж және анда санда пустырник ішіп тұру. Той күні жүйкесі тозған, нервный қалыңдық әдемі боп көрінбейді))))

ТОЙ КҮНІ! АЛАҚАЙ!

 Міне, көптен күткен күн де келді. Көйлегің күтіп тұр, денең шымыр, көңіл күй көтеріңкі. ЕҢ алдымен маникюр мен педикюр жасатып, шашыңды жинап, соңында ғана макияж жасауға кірісу керек. Өйткені, осының ішінде тез түзетуге болатын макияж) (Макияж жайлы бір кеңес: жақсы визажист мейілінше қарапайым, табиғи мэйк ап жасауға кеңес береді, әрине, егер сен ПАНКтің немесе ЭМО жігіттің қалыңдығы болмасаң)). Макияж жасағанда, алдыңғы “пробныйлар” нәтижесінде өзіңнің косметичкаңда да мастер қолданған косметика тондары болу керек. Міндетті түрде далап, пудра, майлы беттің жылтырын кетіретін сүлгілер (шишейдода бар), тушь болуы керек.

Тап осы сәттен бастап ең бақытты күнің бастау алып, өміріңде ең әдемі болып жүретін күнің келді деуге болады!

Шаңырақтарың биік болсын!!! 

Сәлеммен,

Мен! 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Өте дұрыс дүние,3 ай бұрын бастау деген.Турасын айтқанда…жазбада айтылғандай,уақытты пайдаланып…шаш,тырнақ т.б. тәжірибеден өткізіп көру керек. “Жеті рет ойланып,бір рет кес…” деген мақал жақынырақ шығар…))

    Жауап беру
  2. Есімде сақтап жүрем, қайтадан диетаға отырам🙂 прикинь алдыңғы салмақ қайта кеп алды ((

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: