RSS Feed

Тырнақ сәні: тойға арналған маникюр.

Кеше тойға дайындық жайлы жазып отырып, қалыңдықтың тырнағы , макияжы мен шаш үлгісі жайлы бөлек пост жазу керек ау деген ой сап ете қалды. Басымда лампочка жағылар еді, егер мен мультик кейіпкері болсам)))

Жалғасы каттың астында жатыр:

Осыдан бірнеше жыл бұрын енген жасанды тырнақ сәннен шығып үлгерді. Қазір көп мастерлер тырнақ өсіруден алыстап,  табиғи тырнақтың күтімі мен сәндендіруіне көшкен екен.

Той күні тырнағыңның ұшына дейін әдемі болу керек деп есептейтін болсаң, әрі қарай оқуға рұқсат)))).

ТЫРНАҚ СӘНІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ:

Тырнақ сәндеу әлемінде қазір шағын революция болып жатқан сынды. Жаз мезгілінде қанық түстер фаворит болса, күз келе, қысқы мерзімге мейілінше  ашық, көзге аса түспейтін боялар таққа мінген сияқты. Бұл түстерді ағылшынша NUDE деп атайды, яғни тура аудармада “жалаңаш” дегенді білдіреді. Сонымен, нюд-стайлға,мысалы, дольче мен габанна мырзалар, Дебора Липпман ханым ұсынған түстер:

З.Ы. мұндай түстер кез келген теріге келе бермейді. Сол себеп, таңдаға уақытта, міндетті түрде теріңізе сай не сай емес екенін арнайы түстер каталогынан таңдағаныңыз жөн)

 Бұл лактардың басқаларға қарағанда толығымен жылтырдан жұрдай. Матовый.  Жақсы жағы, сізді сәнді қылып, тырнағыңызды көрікті қылады, ал жаман жағы, мұндай лактарды жағу және осындай түске боялған тырнаққа күтім жасау қиын. Өтйкені кез келген кемшілік көзге оттай басылады.  Әрине, үстінен “закрепитель” жағып, маникюр ғұмырын біраз созып, өміршең болуына ықпал тигізуіңіз әбден мүмкін.

Бұл енді тойға болады ау деген жаңалық. Өйткені “фрэнч” пен ауыр өрнек салу – кешегі емес, тіпті кешегінің арғы күнгі сән)))

Төмендегі стайл осы жылдың трэнді. Әрине, тап мұндай жасау қолдан келе қоймас, тек зергерге барып күмістен жасатамын демесеңіз)))

Дизайнерлер бұған да шешім тауып қойған екен. Екінің бірінің қолынан мұндай әдемі типс табу ( жасау) келмейді, бірақ, мұның орнына  кәдімгі құрамында жылтыр бөлшектері бар лак жағып қоюды ұсынады. Ал мен, тырнақтың бәрін сваровский страздарымен безендіруді ұсынар ем)))) (губа не дура))). Не  болмаса осы жылы сәнге енген голографиялық лакты жағып қоюға болады. Жоғарыдағыдай маникюр болса төмендегі лак жарасады:

 

 

 

 

 

Сәлеммен,

Мен!))) 

 

 

 

 

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

One response »

  1. тырнағымды боямайды екенмін мүлдеем. Өзі де әдемі деп қойяйынЧ:)))))
    Ал бірақ ана бір жалғыз тырнаққа өрнек жасағанға құладым, әдеміі екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: