RSS Feed

Тамақтанудың жаңа әдістері.

Әшейінде біздер күніне 3-4 рет тамақтанамыз. Ол таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, ақшам ас.  Ал біреулерде бранч та бар, ол таңғы ас пен түскі ас арасындағы тамақтану. Дәрігерлер, салмақ тастаймын деушілерге, көбіне, күніне 5 рет, бірақ шамалы көлемде тамақ ішуге шақырады. Өмірде мұндай кеңесті қолдану өте қиын екенін өз басымнан сынап болған соң білдім. Таңғы ас 7-30 да, оның өзі бір кесе шәй, бір кәмпитпен шектеледі (кейде мүлдем ас батпайды), түскі ас тек қана қою ас, сосын ақшам асы. Сағат 7-30да.  Болды. Әрине, соңғы тамақтану мөлшері кейде асып кетеді. Ұйқы алдынан тамақ ішуге болмайды десе де, жұмыстан аш қасқырдай ашулы боп келіп, қалайша көп жеп қойғаныңды байқамайсың да. Осы бір тығырықтан шығу амалын іздеп, оның үстіне,мақсатым тағы да салмақ тастау (баяғы бәле) болған соң, төмендегілерді жасап көргім келеді:

– ақ нан орнына тек қара нан, оның өзі бір тілім күніне

– қант, тәтті, шоколад орнынан мейіз, өрік, бал (шамалыдан ғана)

– тұз орынан лимон шырыны

– майонез орнына 10пайыздық қаймақ (кейде айран)

– пісте майының орнына зәйтүн майы

– қуырудың орнына суға бұқтыру

– ұн тағамдары (әсіресе спагетти, макароны, жайма) орнына жасыл салат, қызанақ, қияр

-таңғы асқа йогурт) (енді ваще тәттісіз қиындау боп тұра)))

– сосын жаяу жүру. 

Көреміз не болатынын. Жалпы, өткенде Монтиньяк диетасын көріп ем, түк шықпады. Менің ағзам оны қабылдамай қойды. Не әрі емес, не бері емес екен.

Бұл бір.

Екінші, жуырда Алтыградус бөліскен тамақтану әдісі: әр сағат сайын (немесе екі) 100гр салмағы бар кез келген тамақты ішу. Не болса да, тек сол 100 гр ғана. 25 күнде 5-6 келі салмақтан арылуға болады дейді. Бұл да бір қызық әдіс, менше) Оны да қолданып көруге болады. )))

Сұлу болыңыздар!

Сәлеммен,

Мен!

About aijannur

Кемпірқосақ үстінен басқа әлемге :)

2 responses »

  1. Толық емеспін, арық та емеспін. Бірақ соңғы үш айда күнде кешкісін үйге жаяу келіп жүрдім (сабақтан шыққанда автобус тоқтап қалатын🙂 ). Тура 35-40 минут жаяу жүремін. Алғашқы 2-3 күнде аяғым ауырды, сосын туфлиімді уақытша ұмытып, жайпақ аяқ киімге ауыстым. Басында ойлаған едім, азып кететін шығармын деп, бірақ баяғы күйімшемін.

    Жауап беру
  2. Таңғы асқа йогурт жегенді мен де жақсы көремін.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: