Тамақтанудың жаңа әдістері.

Әшейінде біздер күніне 3-4 рет тамақтанамыз. Ол таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, ақшам ас.  Ал біреулерде бранч та бар, ол таңғы ас пен түскі ас арасындағы тамақтану. Дәрігерлер, салмақ тастаймын деушілерге, көбіне, күніне 5 рет, бірақ шамалы көлемде тамақ ішуге шақырады. Өмірде мұндай кеңесті қолдану өте қиын екенін өз басымнан сынап болған соң білдім. Таңғы ас 7-30 да, оның өзі бір кесе шәй, бір кәмпитпен шектеледі (кейде мүлдем ас батпайды), түскі ас тек қана қою ас, сосын ақшам асы. Сағат 7-30да.  Болды. Әрине, соңғы тамақтану мөлшері кейде асып кетеді. Ұйқы алдынан тамақ ішуге болмайды десе де, жұмыстан аш қасқырдай ашулы боп келіп, қалайша көп жеп қойғаныңды байқамайсың да. Осы бір тығырықтан шығу амалын іздеп, оның үстіне,мақсатым тағы да салмақ тастау (баяғы бәле) болған соң, төмендегілерді жасап көргім келеді:

– ақ нан орнына тек қара нан, оның өзі бір тілім күніне

– қант, тәтті, шоколад орнынан мейіз, өрік, бал (шамалыдан ғана)

– тұз орынан лимон шырыны

– майонез орнына 10пайыздық қаймақ (кейде айран)

– пісте майының орнына зәйтүн майы

– қуырудың орнына суға бұқтыру

– ұн тағамдары (әсіресе спагетти, макароны, жайма) орнына жасыл салат, қызанақ, қияр

-таңғы асқа йогурт) (енді ваще тәттісіз қиындау боп тұра)))

– сосын жаяу жүру. 

Көреміз не болатынын. Жалпы, өткенде Монтиньяк диетасын көріп ем, түк шықпады. Менің ағзам оны қабылдамай қойды. Не әрі емес, не бері емес екен.

Бұл бір.

Екінші, жуырда Алтыградус бөліскен тамақтану әдісі: әр сағат сайын (немесе екі) 100гр салмағы бар кез келген тамақты ішу. Не болса да, тек сол 100 гр ғана. 25 күнде 5-6 келі салмақтан арылуға болады дейді. Бұл да бір қызық әдіс, менше) Оны да қолданып көруге болады. )))

Сұлу болыңыздар!

Сәлеммен,

Мен!

Тырнақ сәні: тойға арналған маникюр.

Кеше тойға дайындық жайлы жазып отырып, қалыңдықтың тырнағы , макияжы мен шаш үлгісі жайлы бөлек пост жазу керек ау деген ой сап ете қалды. Басымда лампочка жағылар еді, егер мен мультик кейіпкері болсам)))

Жалғасы каттың астында жатыр:

Read the rest of this entry

Тойға дайындық немесе ең бақытты күнде қалай ең әдемі болуға болады?

Ер адам болғанның бір жақсы жері – тойға шашыңды бір тарап, сақалыңда алып, жаңа костюм мен жылтыр аяқ киімді киіп алып «супермега» күйеу жігіт бола қаласың. Ал қыз болсаң, онда тойға кемінде 3 ай бұрын дайындалған жақсы, әрине сол күні «супермега» қалыңдық болам десең))) Read the rest of this entry

Күз де келіп, көп өзгерістерді ала келді. Тап осы мезгілде косметологқа көрініп, бет терісімен түбегейлы айналысуға болатынын еске сала кетейін. Бетті тазалау (механикалық болсын, автоматты түрде), маскалар жағу, мезотерапия мен бетті ағарту, операциясыз лифтинг жасау сияқты шаралардың уақыты келіп қалды.

Көп арулар, белгілі себептермен, косметологқа бара бермейді. Мұндайда, үйде күтім жасағаннның пайдасы мол екенін айта кету керек. Әсіресе, табиғи таза өнімдер қолданған жөн.

Бүгін үйде жасауға болатын бір екі маска мен скраб жайлы және бал туралы әңгімелескім келеді))) Read the rest of this entry

Мәңгі визаж немесе татуаж жайлы не білеміз?

Бет әлпетке көрік беретін – қас-кірпік екенімен келіспейтін адам жоқ шығар. Қассыз не кірпіксіз адамның түрі Гарри Поттердегі басты жауыз  – Волен Де Морттың түріне ұқсап кетеді. Ешкім де Волон де Морт  болғысы келмейтін шығар, әсіресе қыздар)))

Заманның ілгері басуының арқасында косметологияның да жетістіктері мен мүмкіндіктер көкжиегі біраз кеңейіп қалғаны рас.  Табиғат сізге қарлығаштың қанатындай қиылған қас сыйға тарпады деп уайымдамасаңыз да болады, өйткені татуаж бар. Кез-келген форма, кез – келген ұзындық, қалыңдық, тіпті жасыл қас жасаймын десеңіз де – еркіңіз өзіңізде.  Тап осы әдіспен қабаққа «стрелочки» жасап, еріннің де түрін өзгертуге болады. Ерін контурын қалаған түспен бояп, өзіңізге мәңгі (кемінде 5 жыл) визаж жасап алуға болады. Бұл татуаждың тек бір жақсы жағы ғана.

Минустарының тізімі бұған қарағанда біршама ұзын. Әлі де татуаж жасау ниетіңіз болса, алдымен төмендегі сөйлемдерге көз қырын салсаңыз, өтініш:

  • көп жағдайда аллергиялық реакция болады. Бояудың сапасы төмен болса, бұл процедура әдемілік сыйлаудың орнына, көптеген дертке шалдықтырып, тіпті тері қатерлі ісігіне алып барады.
  • түсі дұрыс таңдалмаса, әдемі қара қастың орнына жап-жасыл қастың иесі болып қалуыңыз әбден мүмкін.
  • уақыт өте келе бояу кете бастап, ала бұла боп тұрады.
  • біразға дейін ісік қайтпай, бет әлпетіңіздің қалыпты жағдайын ұмытасыз
  • Бір образда болу жалықтырған сәтте, бәрін сүртіп тастап, өзге бір бейне жасай алмайсыз.
  • Татуажды алып тастау, жасағанға қарағанда өте қиын және өте өте қымбат!
  • Және соңғысы, бұл процедура анестезиясыз жасалады (ішкі анестезияны айтам), сол себеп қатты ауырады!

 

Салмақ қосам деушілерге бір кеңес)))

Біреуге арық болу арман (мысалы өзім), ал біреуге нағыз трагедия. Өз басым еш уақыт тым арық болған  емеспін. Жасөспірім бала кезімде қашанда да өз нормама сай не болмаса шамалы артық кетіп қалатынмын, сол себеп шынымен өте арық болу деген не, қалай сезінеді екен ондай адам, себебі не екенін ашып айта алмаймын. Read the rest of this entry

хулахуп не болмаса кәдімгі «обруч» (дөңгелек?) туралы жыр))))

Қыпшабел болу талайымыздың арманымыз екені рас. Тіпті табиғатынан арықтан келген қыздар белдерінің бөксесінен жіңішкерек, дене бітімі Софи Лорендікі сияқты болса деп қиялға берілетінін естігем))) Read the rest of this entry

Шаштың бітпейтін мәселелері

Қыздың көркі де, мақтанышы да – қолаң шашы. Бұрымымды өріп ап жүрген кездер арман боп артта қалғаны қашан. Ол күндер келмейді де. Read the rest of this entry

Жазғы диеталар немесе неге салмағым түспейді?

Көптеген қыздар қыс күні салмақ қосып, жазда оп оңай тастай салады.Ал менде, керісінше. Күз бен қыста салмақ тастап, көктем мен жазда қосып ала берем (гаромоналдық ауруым бар екенін еске салайын). Содан, нетті қарасам, онда тек мен емес екен. Read the rest of this entry

Қалдықыз құрбымның сұрауымен))

Өз басым әлі де бала көтеріп, дүниеге сәби әкелмедім. Сол себеп мына тақырыпты жазбас бұрын таныстардан естігенімді, неттен оқығанымды пысықтап, еске алып, қысқаша жазып кетейін деп отырмын. Read the rest of this entry